qaz
«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының алғашқы саны жарияланды

Құрметті әріптестер! 

Академия сайтында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында жарияланған «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының алғашқы саны жарияланды. Журнал айдарларының тақырыбы білім берудегі менеджмент, оқыту әдістемесі, психология және тәрбие, техникалық және кәсіптік білім беруді қамтиды.

Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін журналға «Әдістемелік компас» айдары енгізілді, онда педагогтерді аттестаттау, кәсіптік бағдар беру жұмысы және орта білім беру ұйымдарының педагогтерін әдістемелік сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленген.

Журналдың толық нұсқасымен Академия сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/nauka/3