Алтынсарин Академиясында «Жетілдіру және ынталандыру» монографиясының тұсаукесері, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана филиалының ашылуы өтті.

«Жетілдіру және ынталандыру» монографиясы бұрын шығарылған «Өлшеу және бағалау» монографиясының жалғасы болып табылады. Монография Ұлттық тестілеу орталығының 30 жылдығына орай шығарылған. Ғылыми жұмыстың авторлары – Академия қызметкерлері И. Ө. Сағындықов, С. К. Жұмажанова және Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері А. Ж. Әуезханова және М. Ш. Тасболатова. 

Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхана филиалының ашылуы Алтынсарин Академиясы мен РҒПК-ның «Цифрлық кітапхана» бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде өтті. «Цифрлық кітапхана» дерекқорында педагогика саласындағы 100 000-нан астам әдістемелік құралдар, диссертациялар және басқа да материалдар педагогтерге қолжетімді, ғылыми жұмыстарды ыңғайлы іздеу және УДК мен QR-кодты автоматты түрде беру конфигурацияланған.

«Қазіргі уақытта Алтынсарин Академиясының сайты әдістемелік құралдар мен диссертациялардың сандық кітапханасымен біріктірілген. Бірыңғай цифрлық ресурста мұғалімдер оқу бағдарламаларына, әдістемелік ұсынымдарға, педагогика, білім беру стандарттары бойынша диссертацияларға және тағы басқаларға қол жеткізе алады», – деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева.

«Цифрлық кітапхананың негізгі міндеті әдістемелік құралдар мен диссертациялар мен авторефераттардың электрондық нұсқаларының бірыңғай базасын ұйымдастыру болып табылады. Цифрлық кітапхананың дерекқорына республиканың барлық өңірлерінен ақпарат жиналады», – деді РҒПК директоры Әлия Сайдембаева.

Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Цифрлық кітапхана материалдары мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://uba.edu.kz/qaz