Конференцияға білім беру ұйымдарының, өңірлік әдістемелік орталықтардың басшылары, педагог-кәсіби бағдар берушілер, психологтер, жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
"Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының зерттеу нәтижелері бойынша нормативтік-құқықтық базасы, еңбек нарығы мен сұранысқа ие кәсіптер туралы өзекті ақпараттың болмауы, мектеп кәсіптік бағдар берушілерінің біліктілігін арттыру үшін әдіснамалық және материалдық-техникалық базалары бар жерлерде қиындықтар байқалады.",- деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева конференция жұмысын аша отырып.
Конференцияға қатысушылар мектептерде кәсіптік бағдарлау жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселелерін, педагог-кәсіптік бағдарлаушылар қызметінің ерекшеліктерін, халықаралық салыстырмалы зерттеулерде кәсіптік бағдарлау мәселелерін, білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жұмысын дамыту перспективаларын талқылады.
Үш панельдік секция шеңберінде кәсіптік бағдар берушінің жұмысын жоспарлау және кәсіптік бағдар берудің тиімділігін бағалау, кәсіп таңдаудың психологиялық аспектілері, сондай-ақ мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарлаудағы қолжетімділігі мен инклюзивтілігі мәселелері талқыланды.
Конференцияның пленарлық отырысының трансляциясы Bilim 4.0 академиясының Youtube арнасында қолжетімді.