qaz
Академия ғалымдары «Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – демократияны дамытудың құралы» атты семинарға қатысты

23 қазанда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының ғалымдары Конрад Аденауэр атындағы Германияның саяси қорының ұйымдастыруымен өткен «Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – демократияны дамытудың құралы» атты семинарға қатысты.

Семинарда еліміздегі шағын жинақты мектептерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Зертхананың меңгерушісі А.Мукушева «ҚР шағын жинақты мектептерінің қазіргі жағдайы» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында топтық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде алдағы уақытта Конрад Аденауэр Қорымен ынтымақтастық жасау жоспарланды.