Жаңалықтарға қайту
23.03.2023
Алтынсарин Академиясы «БІЛІМ-ALL» жобасын оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді
Бүгін Ақтөбе облысының ауылдық және шағын жинақты мектептерін дамыту бойынша «БІЛІМ-ALL» жобасының жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Жұмыс тобының қатысушылары оқу үдерісін цифрлық форматта ұйымдастыру кезінде облыс педагогтерінің қызметін оқу-әдістемелік сүйемелдеу мәселелерін талқылады.
«БІЛІМ-ALL» өңірлік жобасы Ақтөбе облысының 120 ауылдық және шағын жинақты мектептерінен «Математика», «Химия», «Физика», «Биология», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша 10 575 білім алушыны цифрлық форматта оқытуды қамтамасыз етеді.
Ауылдық шағын жинақты мектептерде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында Алтынсарин Академиясы «виртуалды» педагогтердің қызметін оқу-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ететін болады.