«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ҒТБ-ның «ҚР-да үш тілді білім беруді дамыту мен таратудың тұжырымдамалық негіздері» міндеттері шеңберінде «Қазақстандағы және әлемдегі тілдік білім беру: сапа және бағалау мәселелері» атты X Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің, «Тұран» университетінің, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің, Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің, Монс университетінің (Бельгия) ғалымдары қатысты.
Семинарға қатысушылар Қазақстандағы үш тілді білім берудің жай-күйі мен даму перспективаларын, тілдік білім беру сапасын арттыру, көп тілді білім беру үшін педагог кадрларды үздіксіз даярлау әдістемесін жетілдіру мәселелерін талқылады.