12 сәуірде Ғылым апталығы аясында Астана қ. Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-мен бірлескен «Білім берудегі VR мен AR мүмкіндіктері» тақырыбындағы семинар-практикумы өтті.
Семинар барысында қатысушылар VR кейс-гарнитурасының оқыту мүмкіндіктерімен, инновациялық оқыту платформасымен, сондай-ақ дербес виртуалды шынайылық гарнитурасымен танысты.
Физика, химия, биология, тарих және мәдениет бойынша VR, AR контенттерін пайдалану бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Манаргүл Мұқашева өткізген практикалық жұмыстар қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Семинарға Астана қаласы мектептерінің пән мұғалімдері, басшының цифрландыру, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
https://abai87mg.edu.kz/kz/bilim-berudegi-vr-men-ar-mumkinshilikteri-1331335