Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева конференцияға қатысушыларды құттықтай отырып, «Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлерінің күні – ғылыми зерттеулердің біздің өміріміздің барлық салаларын, оның ішінде білім беруді дамытуға оң әсерін атап өтудің тағы бір тамаша мүмкіндігі», – деді.
Конференцияның пленарлық отырысы мен бес панельдік секция жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, білім беру ұйымдарының педагогтері, ҚР ОМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, әдістемелік қызметтердің мамандары қатысты.
Конференцияға қатысушылар отандық білім беруді дамыту перспективаларын, білім алушылардың білім сапасын арттыру жолдарын, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді, көптілді білім беруді дамыту мәселелерін, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін, үздіксіз педагогикалық білім беруді, мектептердің білім беру кеңістігінің эргономикасын, еліміздің білім беру мекемелеріндегі тамақтануды талқылады.