qaz
«Инклюзивті білім беру және қоғам: стратегиялар,практикалар, ресурстар» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция

20-21 қазанда Мәскеу қаласында «Инклюзивті білім беру және қоғам: стратегиялар, практикалар, ресурстар» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның Инклюзивті білім беру орталығының директоры Л.А.Бутабаева қатысып, «Білім беруде инклюзивті ортаны дамыту: бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде мектепте және мектептен тыс білім берудің инклюзивтілігін дамыту контекстіндегі посткеңестік транзит және жаһандық процестер» панельдік дискуссиясында «Қазақстанда инклюзивтібілім беру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын жүзеге асыру» тақырыбында баяндама жасады. 

Конференцияның мақсаты – инклюзивті процесті дамытудың негізгі стратегияларын және білім берудегі инклюзияның ұтымды практикаларын талқылау, инклюзивті процесті дамытудағы ғылымның, практиканың және қоғамның күш-жігерін біріктіру, әлеуметтік және білім беру инклюзиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін ғылыми талқылау.

Конференцияны Мәскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университеті және «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университеті ұйымдастырды.