«Білім» ғылыми-педагогикалық журналы

Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға ғылым қызметкерлерінің күні қарсаңында шығарылған Алтынсарин Академиясының жаңартылған «Білім» ғылыми-педагогикалық журналын ұсынамыз.

Журналда орта білім беру саласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Оның ішінде білім беру саясаты, цифрлық педагогикалық технологиялар, пәндерді оқыту әдістемесі, тәрбие және психология, арнайы және инклюзивті білім беру, сондай-ақ үздіксіз педагогикалық білім мәселелері қарастырылған.

«Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша отандық ғылыми-зерттеу жұмыстарының қол жетімділігін арттыру мақсатында журналда 2023 жылдың бірінші тоқсанында қорғалған диссертациялардың тізімі ұсынылған. Диссертанттардың Scopus және Web of Science халықаралық ғылыми-өлшемдік базаларында жарияланған жұмыстарымен танысу үшін авторлық профиліне өте аласыздар.

Журналмен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/storage/app/media/Journal/1-2023-zh.pdf