«Білім мен ғылымды жаңғыртудың ғылыми негіздері» ҒТБ іске асыру мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА білім алушылардың үлгерімінің төмендігі мәселелеріне зерттеу жүргізеді. Академия ғалымдары білім сапасын арттыру моделін әзірледі, қазіргі уақытта модельді сынақтан өткізу Астана қаласының №14 және №31 мектеп-гимназияларының базасында жүзеге асырылуда.
Жобаға елорданың үздік педагогтері мен әдіскерлері тартылды, қазақ және орыс тілдері, математика, физика, химия мен биология пәндері бойынша жұмыс топтары құрылды. Жоба аясында педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, сонымен қатар, «Үздік педагог» атағының иегерлері оқушыларда қиындықтар туғызған тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша сабақтар өткізеді, сондай-ақ екі мектептің педагогтерімен тиімді практикалармен, сабақ өткізу әдістемесімен, оқыту нысандары мен құралдарымен бөліседі.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, модельді сынақтан өткізу кезеңінде үлгерімі төмен оқушылардың үлгерім деңгейі артқаны байқалады.