ҚР ОМ-нің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығы білім беру басқармаларының басшыларымен, қосымша білім беру және тәрбие мәселелеріне жетекшілік ететін мамандармен, ведомстволық бағынысты республикалық орталықтардың өкілдерімен тәрбие мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Алтынсарин Академиясының қызметкерлері кездесу қатысушыларына «Тоғыз ай 9 іс-шара» іс-шаралар жоспарын ұсынды. Іс-шаралар жоспарын іске асыру білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шаралар 2023 жылғы наурызда білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткізілген «Домбырашылар» челленджінің жалғасы болып табылады. Жоспарға сәйкес сәуір айында «Шахмат ойыны» челленджі; мамыр айында – «Жасыл мекен»; қыркүйекте – «Сергіту сәті»; қазан айында – «Әнұран айту»; қараша айында – «Асық ату»; желтоқсанда – «Шығарма жазу: болашаққа хат» өтеді.