2023 жылғы 3-4 сәуірде Алматы қаласында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері ESD-Net 2030 субөңірлік кеңесіне қатысты.
ЮНЕСКО аясында өткен кеңеске Орталық Азия елдерінің: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің білім беру саласының өкілдері қатысты. Оның ішінде министрліктердің, ЮНЕСКО, білім беру ұйымдарының өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Субөңірлік кеңесті ұйымдастырудың мақсаты – тәжірибе алмасу, тұрақты даму мүддесі үшін білім беруді іске асыру жөніндегі қажеттіліктер мен нақты жоспарларды талқылау болды.
Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру және талқылау саласындағы әртүрлі елдердің ұсынылған тәжірибесінің қорытындысы бойынша кеңеске қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.