ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Үздік педагог» конкурсы жеңімпаздарының тәжірибесін таратуды күшейту тапсырмасы және Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның «Үздіктен үйрен» жобасының аясында Жамбыл ауданындағы Б. Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері Айгүл Базарбайқызы Қалмаханованың «Үздіксіз даму шеберханасы» салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараның мақсаты – үздік педагогтердің озық тәжірибелерін тарату, білікті педагогтердің әлеуетін білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру.
Іс-шара барысында Айгүл Базарбайқызы өз тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар «Мақсат – қадам - жетістік» жобасы таныстырылды, «Ішкі уәж: оқушы үлгерімін жақсарту факторы» тақырыбында коучинг өтті.
Іс-шараға облыстық білім органдары мен мекемелерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, үздік педагогтер қатысты.