Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен Алтынсарин академиясының 2022 жылға қызмет қорытындылары мен ағымдағы жылға перспективалық бағыттарын дамыту талқыланды.
Кездесуге Академия президенті Мадина Тыныбаева, ҚР ОАМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әдістемелік орталықтарының директорлары қатысты.
Кездесуге қатысушылар Академияның мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруға қатысуын, оның отандық білім беруді дамытудағы рөлін күшейтуді, білім беру саласындағы басқа ұйымдармен өзара іс-қимылын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және т.б. мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Ғани Бектайұлы Академияға, ҚР ОАМ ведомстволық бағынысты ұйымдарына және әдістемелік орталықтарға бірқатар тапсырмалар берді.