Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында көптілді білім беру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобы отырысын ұйымдастырушы - Алтынсарин академиясының Тілдерді оқытудың мазмұны мен әдістері зертханасы.
Отырысқа Академия қызметкерлері, KIMEP, Назарбаев университеттерінің профессорлары, мектеп өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия білім беру бағдарламасының көп тілді білім беру мәселелері жөніндегі сарапшы-консультанты қатысты.
Жұмыс тобы отырысына қатысушылар Тұжырымдаманың құрылымын, көптілді білім беруді іске асырудың ықтимал модельдерін және Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде көптілді білім беруді дамыту үшін қажетті жағдайларды талқылады.