Әлемдік деңгейде беделді ғылыми басылымдардың бірі саналатын «Frontiers in Education» журналында (Q2 – екінші квартиль) COVID-19 байланысты Қазақстанда мектептердің жабылып, қашықтықтан оқытуға көшу кезінде цифрлық сауаттылық пен ақпараттық-коммуникациялық құралдарға қолжетімділіктің онлайн-оқытуға әсері туралы ғылыми мақала жарияланды.
Қашықтықтан оқытуға мониторинг нәтижелері бойынша жазылған мақаланы әзірлеуге Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті Аида Ахметжанова және Ақпараттық-талдау орталығы мен Назарбаев Университетінің қызметкерлері қатысты.
Мақалада цифрлық теңсіздіктің үш факторы, атап айтқанда цифрлық қолжетімділік, ақпараттық-коммуникациялық дағдылар және білім беру нәтижелеріндегі алшақтықтар COVID-19 кезінде Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің синхронды оқытуға қалай әсер еткені көрсетілген.
Келесі сілтеме арқылы мақаланың толық мәтінімен танысуға болады: https://doi.org/10.3389/feduc.2022.1083651