Жаңалықтарға қайту
13.03.2023
Гете Институтының директоры Марек Грыглевичпен кездесу
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева Гете Институтының директоры Марек Грыглевичпен және Орталық Азиядағы PASCH «Мектеп: болашақ серіктестер» жобасының үйлестірушісі Александра Смитспен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның ішінде:
- неміс тілін оқыту практикасында бірлескен ғылыми, білім беру және кәсіби іс-шаралар өткізу;
- оқу бағдарламаларын әзірлеудегі өзара іс-қимыл;
- бірлескен зерттеулер жүргізу және т. б.
Гете институты ГФР-ның мәдени мекемесі, оның филиалдары әлемнің 99 елінде жұмыс істейді. Институттың қызметі шетелде неміс тілін насихаттауға және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.