Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаеваның «International Community Schools» (БАӘ) компаниясының Басқарушы директоры Мухаммед аль-Шамма мырзамен кездесуі өтті.
Кездесуге ҚР ОМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнар Әубәкірова, А. Байтұрсынов атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова қатысты.
Кездесуге қатысушылар жекеменшік мектептердің сапалы білім беру тәсілдерін, сондай-ақ халықаралық білім беру бағдарламаларының артықшылықтарын талқылады. Кездесу аясында білім алушыларды бағалау, мектеп инспекциясы, сондай-ақ педагогтерді аттестаттау мәселелері бойынша пікір алмасты.