Жаңалықтарға қайту
15.03.2023
«Талдау мектебі – Аналитика мектебі»
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның қызметкерлері – вице-президент Аида Ахметжанова мен педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының директоры Сания Жұмажанова ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен құрылған аналитика мектебінің екінші легін оқыту курсына қатысты.
«Талдау мектебі – Аналитика мектебі» жобасы мемлекеттік ұйымдардың, мемлекеттік емес зерттеу және талдау құрылымдарының жас мамандары қатарынан кәсіби аналитикалық қоғамдастықты дамытуға бағытталған.
Оқу қорытындысы бойынша команда Маңғыстау облысындағы білім сапасының төмендігі факторларына арналған талдамалық баяндама дайындады. Баяндаманы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғары бағалады.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!