Жаңалықтарға қайту
16.03.2023
Өзбекстан Республикасы мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігінің өкілдері Алтынсарин Академиясына жұмыс сапарымен келді.
Өзбекстан Республикасы мектепке дейінгі және мектептік білім министрлігінің өкілдері Алтынсарин Академиясына жұмыс сапарымен келді.
Сапардың мақсаты – екі елдің білім беру саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева делегация қатысушыларын Академияның білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметімен таныстырды.
Сапар аясында Өзбекстан өкілдері инклюзивті білім беру орталығына барды және Академияның ғылыми зерттеулерінің тақырыптық бағытымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы келсімге келді.