Алтынсарин Академиясында «Ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылау 2023-2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту Тұжырымдамасының жобасы аясында болды.
Іс-шараға ҚР ОМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Динара Құдайқұлова, «Әкелер одағы» РҚБ төрағасы Мақсұтбек Айтмағамбет, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының президенті Лимана Қойшиева, UNFPA-ның Қазақстандағы атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев, бала дәрігері Мира Сауранбаева, «Белсенді Азамат» ҚҚ төрағасы Гамал Тузелбаев, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогтер, әдіскерлер және ата-аналар қатысты.
Кездесуге қатысушылар отбасы мен мектептегі тәрбиенің өзекті мәселелерін, отбасы мен мектептің тәрбие институттары ретіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуді талқылады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.