Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаеваның бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын өзгерту бойынша жұмыс топтарының мүшелерімен кездесуі өтті.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның вице-президенті Әлия Чокушева орта білім беру мазмұнына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс туралы баяндады. Сонымен, оқу бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс 2022 жылдың маусым айында басталғанын хабарлады. Осы кезеңде жұмыс топтары оқу бағдарламаларының құрылымын құрды, пәндер бойынша мақсаттар мен міндеттерді түзетіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды интеграциялауды жүзеге асырды, оқу бағдарламаларының жүйелілігін, бірізділігі мен сабақтастығын, сондай-ақ олардың білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, білім беру стандарттарды мен оқу бағдарламаларын әзірлеудің халықаралық тәжірибесі зерделеніп, талданды, салыстырмалы талдау жасалды, сондай-ақ пән мұғалімдерінің республикалық съездерінде айтылған педагогтердің ұсыныстары ескерілді.
Жұмыс қорытындысы бойынша оқу бағдарламалары сараптамаға жіберілетін болады.