Алтынсарин академиясы мен Microsoft компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық және шағын жинақты мектептерінде қашықтықтан оқыту бойынша бірлескен жобаға кірісті.
Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Microsoft компаниясы арасында білім беруді цифрландыру саласында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – шалғайдағы және жетуге қиын жерлердегі балаларға білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, біріктірілген сыныптар мәселесін шешу, ауылдық мектептер мен ШЖМ-де білім беру сапасын арттыру.
Бүгін Петропавл қаласында Office 365 Education платформасын СҚО-ның 25 мектебінде орнату бойынша IT-мамандарды оқыту басталды.
Алтынсарин академиясы жоба шеңберінде ғылыми-әдіснамалық, сондай-ақ әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, онлайн-сабақтарды жоспарлауға, қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін зерттеу мен мониторингтеуге және т.б. қолдау көрсетілетін болады.
️Жобаны іске асыру ауыл мектептерінің білім алушыларына педагогтің қашықтығы мен біліктілігіне қарамастан пән мұғаліміне қолжетімділікке, басқа ауыл мектептерінің сыныптастарымен бірге оқуға және сындарлы диалог жүргізуге, оқудағы өз мүмкіндіктерін бағалауға және т.б. мүмкіндіктер береді.