Жаңалықтарға қайту
12.01.2023
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті
Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Президент Әкімшілігінің, ҚР Парламентінің өкілдері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, білім басқармаларының басшылары, әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, балабақша, мектептер мен колледждердің басшылары қатысты.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік білім беру саласының 2022 жылғы жұмысын қорытындылап, 2023 жылы министрліктің алдында тұрған міндеттерді белгіледі. Баяндама барысында министр биыл МЖМБС және Үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Атап айтқанда, ағылшын тілін және «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқу сағаттары ұлғайтылады.
«Дәстүрлі оқыту пәндерді оқытудың инновациялық әдістерімен толықтырылады, қағаз оқулықтармен қатар цифрлық оқулықтар қолданылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының, әлеуметтік педагогтерінің, кітапханашыларының жалақысын көтеру мәселесі пысықталады. Шағын қалалар мен ауылдардағы мектептерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрған мектептердегі инфрақұрылым мен қауіпсіз жағдайларды жақсарту жұмыстары жалғасады», - деп атап өтті министр.
Алқа отырысының аясында Академияның өткен жылғы жұмысының қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлары туралы баяндамамен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның президенті Мадина Тыныбаева сөз сөйледі.
«Академияның қызметі үш бағытта жүзеге асырылады: зерттеу, материалдарды әзірлеу және әдістемелік қолдау. Бұл жұмыс жалғасады. Педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету үшін үздік практик-мұғалімдерді, ғалымдарды, әдіскерлерді тарта отырып, пәндік форумдар өткізіледі, өңірлік әдістемелік кабинеттердің жұмысын үйлестіру жалғастырылады», - деді Мадина Тыныбаева.
Отырыс қорытындысы бойынша Алтай Көлгінов алқа аясында айтылған мәселелер бойынша уәкілетті органға бірқатар тапсырмалар берді.