Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева «Кәсіби ынтымақтастық үдерісіндегі тиімді педагогикалық практика» республикалық телекөпір-смарт форумына қатысып, баяндама жасады.
Пленарлық бөлім мен пікірсайыс алаңдары түрінде өткен форум аясында қатысушылар білім беру ортасын дамытуды педагогикалық басқару, білім берудегі көшбасшылықты қалыптастыру, білім беру ұйымдарының байланысы, ХХІ ғасыр сабағының моделі сынды мәселелерді талқылап, білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибелерді жүзеге асыру практикасын зерделеді.
Онлайн жиында республиканың оқу-әдістемелік орталықтарының/кабинеттерінің басшылары, аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері және әдіскерлері, жалпы білім беретін және мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары бас қосты.