Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Алтынсарин академиясында «Тәуелсіздік құндылығы-Ұлттық білім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, Орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова, Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева, ғалым, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Ғарифолла Есім, Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл, ҚР АҚДМ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергенов, т.ғ. д., ЕҰУ профессоры Мақсат Алпысбес, т.ғ. к., ЕАГИ профессоры Самат Есқалиев, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әдістемелік орталықтарының басшылары, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері. Дөңгелек үстелге қатысушылар Тәуелсіздік жылдардағы қазақстандық білім беруді даму барысын, заманауи сын-тегеуріндері мен даму перспективаларын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар отандық білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.