qaz
Академияның бұрынғы президенті Тахир Балықбаевпен кездесу өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында әртүрлі жылдары Академияны басқарып, оның дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалармен кездесулер өткізу жалғасуда.

Бүгін 2007-2011 жылдары Академияға басшылық еткен Тахир Балықбаевпен кездесу өтті. Жиынға Ғани Бейсембаев және Академия қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Тахир Оспанұлы қазіргі білім беру жүйесінің жағдайы, пандемияның білім саласына тигізген әсері және оның салдарымен күресу жолдары туралы баяндады.

Академия қызметінің ерекшеліктері туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ қатысушылардың көкейіндегі өзекті сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.