«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында академияның бас ғылыми қызметкері, профессор О.Мазбаев және «Қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері» зертханасының меңгерушісі, Phd А.Архыматаева іссапармен Жамбыл облысына барды.
Іссапар барысында Жамбыл облысының әдістемелік кабинеті әдіскерлерімен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде оқу-әдістемелік кабинет басшысы Ш. Өсерова білім беру ұйымдарында білім алушыларды бейіндік бағыттау бойынша оқу-әдістемелік кабинет тарапынан ұйымдастырылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сондай-ақ, іссапар барысында Алтынсарин академиясының қызметкерлері Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының» КММ, Байзақ ауданы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында білім беру ұйымдарында білім алушыларды ерте жастан және жоғары сыныптарда бейіндік бағыттау бойынша тәжірибелерді зерделеді.