qaz
Алтынсарин академиясының ғалымдары БНҚ аясында ғылыми-зерттеу жүргізуде

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымдары «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми-зерттеу жүргізуде.

Осылайша, 5-7 желтоқсан аралығында жоба жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Булатбаева мен «Үздіксіз кәсіби білім беру институтының» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Ғалымжанова іссапармен Алматы қаласына барды.

Іссапар барысында Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің басшыларымен, ғалымдарымен дөңгелек үстел өтті.

Сонымен қатар, 6-7 желтоқсан күндері Алтынсарин академиясының ғалымдары университет қызметкерлері мен Алматы қаласындағы орта мектептердің химия, биология пәні мұғалімдеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинар аясында пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктері талқыланды.