Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Аида Ахметжанова және «Кәсіби білім беру мазмұнын трансформациялау» зертханасының меңгерушісі Жанат Раймбекова 22-23 қарашада DARYA жобасының бастапқы конференциясына қатысты. Бұл жоба Орталық Азия жастарының бойында кәсіптік білімді, инклюзивті және еңбек нарығында өзекті дағдыларды дамытуға бағытталған.
Конференция қатысушылары жобаның үш модулі аясында ақпарат алмасты: мониторинг және оқыту, дағдыларды дамыту мәселелері бойынша зерттеу; біліктіліктердің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету; ХХІ ғасырдың негізгі дағдыларын оқыту мен меңгеру деңгейін жақсарту. Конференция соңында қатысушылар ынтымақтастық векторларын анықтады.
DARYA жобасы 2022 жылдан бастап алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстан және Өзбекстанда жүзеге асырылады.