Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» жобасы аясында өңірлерге іссапармен барып, зерттеу жүргізуде.
Зерттеудің мақсаты – мектеп оқушыларының жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды кәсіби бағдарлаудың жүйелі инновациялық моделін теориялық негіздеу және әзірлеу.
Зерттеу жұмыстары 15 қарашада Семей қаласынан бастау алды. Зерттеу тобының мүшелері Семей қаласындағы №20 жалпы білім беретін мектептің және мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы білім беретін мектепке барды.
16-18 қараша аралығында келесі зерттеу тобы Шымкент қаласында жұмысты жалғастырды. Атап айтсақ, зерттеу жұмыстары №5 жалпы орта білім беретін мектебі, А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясында және Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында жүргізілді.
16-19 қараша аралығында келесі топ зерттеу жұмыстарын Қостанай облысының білім беру ұйымдарында, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, №17 жалпы білім беретін мектеп, Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған «балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешені, Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №1 Рудный арнайы мектеп-интернаты, Рудный қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі, Мичурин жалпы білім беретін мектебі, Садчиков жалпы білім беретін мектебі қатысты.
Зерттеу барысында аталған мектептердің әкімшіліктеріне, сынып жетекшілері, педагог-кәсіби бағдар берушілер, педагогтер, білім алушылар және олардың ата-аналарына сауалнама, интервью, фокус-топ жүргізілді.
Жоспарға сәйкес зерттеу алдағы уақытта басқа да өңірлерде жалғасатын болады.