qaz
Алтынсарин академиясының ғалымдары Ұлыбританияға іссапармен барды

Алтынсарин академиясының бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д. Күлжанат Булатбаева және академияның аға ғылыми қызметкері Мадина Маймакова Ұлыбританияға іссапармен барып, креативті педагогика бойынша Лондон Корольдік университетінде өткен симпозиумға қатысты.

Сонымен қатар, аталған университеттің әлеуметтік ғылымдар мен мемлекеттік саясат институтының директоры Dr. Kathy Mcllwaine-мен білім беру бағдарламаларының дизайны және зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша кездесу өтті. Одан бөлек, Академия ғалымдары Лондон Корольдік университетінің білім, қоғам және коммуникация факультетінің басшысы Dr. Liviu Matei-мен кездесу барысында болашақ ұстаздардың негізгі пәндік және әдістемелік даярлау кезеңдерінің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Университеттің өкілдері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдірді. 

Сондай-ақ, ғалымдарымыз 3-5 қараша аралығында Черчиль атындағы ағылшын-француз халықаралық лицейі базасында өткен «Білім беру мазмұнын жаңарту» конференциясына қатысып, Ұлыбритания, Щвейцария, Кувейт, Германия және т.б. елдердегі халықаралық мектептердің тәжірибелерімен танысты.