«Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында Академия ғалымдары Сингапурға іссапармен барып, білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ баспаларымен танысты.
Осылайша, 2022 жылғы 21-24 қазан аралығында Сингапурдағы Ұлттық білім беру институты (National Institute of Education) базасында педагог кадрларды даярлау, STEM-білім беруді іске асыру, үздіксіз білім беру және педагогтердің кәсіби даму тәжірибесі зерделенді. Наньян технологиялық университеті (Nanyang Technological University) өзінің инфрақұрылымымен, университеттің академиялық саясатымен, зерттеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерімен таныстырды.
Marshall Cavendish Education баспасының өкілдерімен кездесу жемісті өтті. Академия ғалымдары педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстардың нәтижелерімен танысты.
Іссапардың нәтижесінде білім беру ұйымдарымен, баспалармен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша келісім орнатылды.