2022-2023 оқу жылының 1-тоқсан қорытындылары бойынша бастауыш сынып педагогтерімен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің оқытылу ерекшеліктерін талқылау мақсатында онлайн семинар өтті.
Жиын барысында оқу бағдарламасын әзірлеушілер «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» пәндері оқу бағдарламалары, оқу мақсаттары, бөлімдер мен бөлімшелердің логикалық реттілігі, оқу бағдарламаларын ашатын және жүзеге асыратын шығармашылық оқу әрекеттері, оқу бағдарламасын жүзеге асыруда кездесетін қиындықтар және олардың алдын алу жолдары төңірегінде ой бөлісті.
Семинар соңында практик педагогтер 1-сыныпта «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» пәндерін оқыту және құндылықтарды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасып, қорытындылар мен ұсынымдары тыңдалды. Алтынсарин академиясының «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасы талқыланған мәселелерді назарда ұстайтын болады.