qaz
Академияның бұрынғы президенті Асқарбек Құсайыновпен кездесу өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында әртүрлі жылдары Академияны басқарып, оның дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалармен кездесулер өткізу жалғасуда.

Бүгін 2001-2003 жылдары Академияға басшылық еткен Асқарбек Құсайыновпен кездесу өтті. Жиынға Ғани Бейсембаев және Академия қызметкерлері қатысты.

Асқарбек Қабыкенұлы Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА жетекшілігімен 12 жылдық білім беру мазмұнын жасау мақсатында жасалған жұмыстармен таныстырып, Орта білім беру сапасын көтеруге негіз болатын критерийлерді атап көрсетті.

Сондай-ақ Академия қызметінің ерекшеліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі даму перспективаларына қатысты өз көзқарастарын білдірді.