3-4 қарашада Бішкек қаласында «Тұрақты даму мүддесінде білім беруді ілгерілету: өңірлік перспективалар мен тәжірибе» атты субөңірлік конференция өтті.
Конференция аясында Алтынсарин академиясының вице-президенті Аида Ахметжанова орта білім мазмұнына Тұрақты даму мүддесінде білім беру компонентін интеграциялау бойынша жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
Осы жұмыс шеңберінде Алтынсарин академиясы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросымен және Нархоз университетімен бірлесіп, ҚР «Білім туралы» Заңының, МЖМБС, орта мектеп пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына Тұрақты даму мүддесінде білім беру компонентін енгізуге талдау жүргізді. Одан соң оқу бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған ұсыныстар дайындалып, пәндер бойынша жұмыс топтарының өкілдерімен ашық талқыланды. Қазіргі уақытта орта білім беру мазмұнын жетілдіру жұмыстары талдау нәтижелерін ескере отырып жүргізілуде.