Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік банктің ұйымдастыруымен өткен «Білікті ұстаз – бәсекеге қабілетті ұлт» атты ортаазиялық симпозиумға қатысып, «Оқытушылық жұмысқа қабылдау нәтижелерін таныстыру» секциясында модератор болды.
Аталған сессия барысында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесінің нәтижелері жарияланып, кері байланыс талқыланды. Дискуссияға қазақстандық делегациядан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері қатысып, баяндама жасады.
ЮНЕСКО мен Дүниежүзілік банк Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның білім министрліктерімен бірлесе отырып, Орталық Азиядағы мұғалімдерге деген қарым-қатынас саясаты туралы өңірлік баяндама дайындауды қолдайды. Екінші семинарда өңірлік есеп бойынша Орталық Азияда мұғалімдерді іріктеу, алдын ала даярлау және қабылдау бойынша талдау ұсынылады, бірлескен жұмыс бойынша қорытындылар мен ұсынымдар талқыланады.