Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2021 жылдан бері Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығына мүше екені белгілі. Соның шеңберінде 2022 жылғы 13-14 қазанда Мәскеу қаласында Білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының жыл сайынғы ХІ халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияның «Білім беру сапасын сырттай және тәуелсіз түрде бағалау» секциясына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Исатай Сағындықов қатысып, «Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу – мектептегі білім беру сапасын тәуелсіз бағалаудың жаңа формасы» тақырыбында баяндама жасады.
Нәтижесінде жиынға қатысушылар білім сапасын бағалаудан білімнің сапасын мониторингтеу жүйесіне көшу бойынша қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытты.
Сонымен қатар, секция аясында білім сапасын басқарудың құралдары, білім сапасын бағалаудың механизмдері сынды тақырыптар қамтылып, талдау жасалды.