«Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері зерттеу әдіснамасы мен құралдарын талқылау бойынша отырыс өткізді.
Жиынға Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің, арнайы мектептердің әкімшілігі, педагогтері және мамандары, Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері қатысты.
Кездесуде барысында мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды кәсіби бағдарлау мәселесі, педагог-кәсіби бағдар берушінің қызметі және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіби бағдарлаудағы ата-ананың рөлі талқыланды.
Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған республикалық деңгейдегі конкурстар санын көбейту, мамандықтарға қатысты насихаттау жұмыстарын жүргізу және т.б. мәселелер қозғалды. Аталған мәселелерді негізге ала отырып, қатысушылар зерттеу құралдарын талқылап, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Зерттеу жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.