qaz
Microsoft компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева және Академияның вице-президенті Аида Ахметжанова Microsoft компаниясының өкілдерімен, атап айтқанда, Орталық-Шығыс Еуропадағы білім беру секторының жетекшісі Албена Спасова, шешімдер бойынша маманы Давид Чиаберашвили және Microsoft Kazakhstan білім беру бағдарламалары бойынша менеджері Назиля Нұрметовамен кездесті.


Олар кездесу барысында оқыту мен тәрбиелеу процесіне цифрлық технологияларды қолдану, цифрлық білім берудің мүмкіндіктері, сондай-ақ білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалану бойынша мәселелерді талқылады.


Кездесу соңында тараптар білім берудегі цифрлық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.