Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева Оқу-ағарту министрілігінің аппараттық жиналысында «Педагог» кәсіби стандартының жобасын валидациялау әдістемесі бойынша баяндама жасады.
«Педагог» кәсіби стандартының жобасы қазіргі уақытта кеңінен зерттеліп, педагогтер қауымы арасында талқылануда.
«Зерттеу аясында осы мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жүргізілді. Валидациялық зерттеулерді жобалаудың халықаралық тәжірибесі ұсынылды. Біздің зерттеуде кәсіби стандартқа көзқарасты анықтау сауалнамасы арқылы өзін-өзі бағалаудың валидациядағы құрылымдық әдісін қолдандық. Валидация педагогтердің кәсіби стандарт құрылымы мен мазмұнына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі», - деді Мадина Ағланқызы.
Валидацияға Алтынсарин академиясының, білім басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің қызметкерлері, мектептердің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйымдарының, колледждердің т.б. директорлары мен педагогтері қатысатынын айта кету керек.
Валидация нәтижесі бойынша талдамалық есеп дайындалады және қажет болған жағдайда кәсіби стандарт жобасына түзетулер енгізіледі.