Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы аясында «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша екі грантқа ие болды. Алтынсарин академиясы конкурсқа жеті ғылыми жоба ұсынды, олардың төртеуі сараптамадан өтіп, ұлттық ғылыми кеңес қарауына жетті. Нәтижесінде екі ғылыми жоба мақұлданды. Конкурсқа қатысуға барлығы 1200-ге жуық өтінім түскен. Конкурстың мақсаты – ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз және ғылыми жобалардың табысты жүзеге асуына тілектеспіз!