Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында педагогтердің Тамыз конференциясы аясында «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі» тақырыбында панельдік секция өтті.
Панельдік секцияның жұмысына Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ БССҚЕД, ББ, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, Оқу-ағарту министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.
Секция қатысушылары сапаны қамтамасыз ету жүйесінің өзекті мәселелерін, мектептер мен колледждердегі МОДО-2022 нәтижелерін, білім беру саясатындағы халықаралық зерттеулердің рөлін, жаңа реттеу саясатын енгізуді, мемлекеттік аттестаттауды жетілдіру жолдарын, сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы жаңалықтарды талқылады.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова білім берудің барлық деңгейіндегі білім беру сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі, атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, ТжКБ және қосымша білім беру туралы баяндама жасады. Ол қатысушыларға Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітілген Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты ұсынды, сондай-ақ сапаны қамтамасыз етудің ұлттық моделінің деңгейлеріне егжей-тегжейлі тоқталды. «Академиялық сапаның шыңына жету үшін сапа мәдениеті болуы керек. Білім беру үдерісіне тартылған барлық адам сапа мәдениетінің жақтаушысы болуы тиіс», - деп атап өтті Гүлзат Көбенова.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева мектептер мен колледждердегі МОДО нәтижелері туралы баяндама жасады. Мектептердегі оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығының нәтижелері, сондай-ақ МОДО нәтижелеріне контекстік факторлардың әсері ұсынылды. Мадина Ағланқызы Алтынсарин академиясының МОДО өткізу бойынша алдағы жұмыстарын белгіледі.
«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы секция қатысушыларына халықаралық зерттеулер призмасы арқылы білім мен дағды сапасын бағалау әдістерін ұсынды.
«Аттестация қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, жаттықтырушылар келіп, қажетті семинарлар өткізуі керек, үздік әдіскерлер жүйені құруға көмектесуі қажет. Мәселені жай ғана анықтап кетіп қалу –ешқандай нәтиже бермейді. Сондықтан, жалпы алғанда, аттестация қалай өткізілетіні туралы көзқарастар өзгеруде. МОДО қорытындысының да әкімшілік үшін де, педагогтер үшін де ешқандай салдары болмауы тиіс», - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов панельдік секция соңында.