Бүгін ҰБА президенті Мадина Тыныбаева және Академия қызметкерлері
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасының кеңесшісі, ата-аналар қауымдастығының астаналық кеңесінің төрайымы Гүлнар Омаровамен кездесті.
Кездесуге қатысушылар ата-аналар қоғамдастығымен педагогикалық консилиумды ұйымдастыру және өткізу, білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді дамыту жолдары, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жүйесін жетілдіру, оқу бағдарламаларының оқу мақсаттары арқылы қазақстандық оқушылар арасында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы, республикалық ата-аналар жиналысын өткізу нысандары, сондай-ақ жобаларды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша «Сенімен Болашақ» РҚБ білім алушыларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша Алтынсарин академиясының Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығымен ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.