«Тарих және құқық негіздерін оқытудағы құндылыққа негізделген білім беру» панельдік секциясы

11 тамызда Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында педагогтердің республикалық Тамыз конференциясы аясында «Тарих және құқық негіздерін оқытудағы құндылыққа негізделген білім беру» панельдік секциясы өтті.

Панельдік секция аясында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Құқық негіздері» оқу пәндерінің мұғалімдері оқу бағдарламаларының мақсаттарын іске асыру, сондай-ақ оқу пәндерін оқыту арқылы құндылыққа бағдарланған тәсілдемені жүзеге асырудағы педагогикалық тәсілдер мен әдістемелер практикасының панорамасын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы №26 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Лаура Шоразова құндылық тұрғысынан функционалдық сауаттылықты дамыту тәжірибесімен бөлісті. Алматы қаласы №75 жалпы білім беретін мектептің тарих және құқық мұғалімі, педагог-зерттеуші Сергей Гончаров білім алушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру тетіктері туралы баяндады. Қарағанды қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының тарих мұғалімі, педагог-шебер Меруерт Жапабаева жобалық-зерттеу қызметі арқылы оқушылардың бойына құндылықтарды дарыту тәжірибесімен бөлісті. Солтүстік Қазақстан облысы №1 Саумалкөл орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Ерлан Бөкенов өлкетану тәсілі негізінде құндылықтарды қалыптастыру туралы айтып берді.

Панельдік секцияның жұмысы практикалық тәжірибе алмасу, талқылау және пікір алмасу түрінде өтті.

Академияның Youtube-арнасынан мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=JiCWZWyftS4

Панельдік секцияның материалдары Алтынсарин академиясының сайтында қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/info/2