«Білім беру және адами капиталды дамыту саласындағы зерттеулерге шолу» тақырыбында сарапшылардың кездесуі өтті. Іс-шараны Елбасы академиясы ұйымдастырды.
Жиын барысында Қазақстанның жетекші әлеуметтік ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ өкілдері, финляндиялық мамандар баяндама жасады. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясынан Еркебұлан Аманғосов қатысып, ой бөлісті.
Кездесуде білім берудің халықаралық және ұлттық трендтері, ата-ана моделі және әлеуеті, жастардың өміріндегі ғылым мен білімнің маңызы сынды тақырыптар қамтылып, талқыланды. Сонымен қатар, ауыл мектептерінің оқушыларына жүргізілген сауалнама нәтижесі жарияланып, ондағы өзекті мәселелер қарастырылды, мектептерде балаларды буллингтен қорғау бойынша шараларды іске асыру барысы мен нәтижесі талқыланды.