Жаңалықтарға қайту
28.07.2022
UNESCO-ның «Жаңа цифрлық технологиялар арқылы білім берудің трансформациялануы» тақырыбындағы есебі жарияланды
«Жаңа цифрлық технологиялар арқылы білім берудің трансформациялануы» тақырыбында UNESCO-ның зерттеулер қорытындысы бойынша әзірленген есебі жарыққа шықты.
Жинақта Бангладеш, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Филиппин және Таиланд мектептеріне жүргізілген тақырыптық зерттеулер нәтижелерінің қысқаша мазмұны берілген.
Алты елдің зерттеушілері мұғалімдермен, оқушылармен және мектеп басшыларымен сұхбаттаса отырып, мәліметтер жинаған.
Жоба аясында Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның қазақстандық мектептерге жүргізген зерттеуі негізінде Қазақстан бойынша қорытынды есеп әзірленді.
UNESCO-ның есебімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000382302/PDF/382302eng.pdf.multi