Алтынсарин академиясында Қазақстандағы Франция елшілігімен және Француз Альянсымен ынтымақтастық орнату бойынша кездесу өтті.
Академия президенті Мадина Тыныбаева Францияның Қазақстандағы елшілігінің білім жөніндегі аймақтық атташесі Ксавье Ле Торривеллекпен және Француз Альянсының директоры Арипова Ирадамен жалпы білім беретін мектептерде француз тілін оқыту мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, «Француз тілі» пәнінің оқу бағдарламасын әзірлеу, француз тілі мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, сонымен қатар, француз тілін тиімді меңгерту үшін оқушылардың тілдік деңгейлері мен жетістіктерін бағалау, тапсырмалар әзірлеу бойынша өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.
Жиын соңында Қазақстандағы Франция елшілігі және Француз Альянсы Алтынсарин академиясымен аталған бағыттарда бірлесіп жұмыстар жүргізу мақсатында ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.