qaz
Бүгін Ғани Бейсембаев пен Академия ғалымдары Болат Өтемұратов Қорының өкілдерімен кездесті

Бүгін Ғани Бейсембаев пен Академия ғалымдары Болат Өтемұратов Қорының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде Қор жобалары, сондай-ақ сол жобаларды жүзеге асыру аясында өзара ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, жұмыс тобын құру және үш жоба бойынша Жол картасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді:

1) Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған бірлескен жоба. Осылайша, республиканың 8 қаласында аталған Қордың «Асыл Мирас» Аутизм орталықтары жұмыс істеуде;

2) «Жасыл мектеп» – Болат Өтемұратов Қорының жобасы, оның аясында Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы мемлекеттік мектептерде 56 жылыжай орнатылады. Бұл жоба оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сонымен қатар мектеп бағдарламасын практикалық сабақтармен және қызықты факультатив сабақтармен толықтыруға мүмкіндік береді.

3) «Көшбасшылық академиясы» жобасы. Оның аясында 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қасиеттерді қолдау және дамыту және коммуникация, сыни ойлау, көпшілік алдында сөз сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын оқыту көзделген.

Айта кетсек, бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыдағы «Асыл Мирас» аутизм орталығына және «Жасыл мектеп» жобасы аясында іске қосылған мектеп жылыжайларына барып, жұмыс барысымен танысқан болатын.